6 C
Shymkent
Қазан 26, 2020
Қоғам

Қашып жүрген бұрынғы күйеуін праймеризден тапты

человек в костюме бежит

Праймеризге қатысып жатқан азаматтың бұрынғы әйелі оның алимент төлемей қашып жүргенін жазды, – деп хабарлайды Kazus.kz ақпараттық порталы.

Жамбыл облысы, Жуалы ауданының тұрғыны Толқынайдың хаты фейсбук желісінде кеңінен тарап жатыр. Оның айтуынша, бұрынғы күйеуі праймеризге қатысып жатыр. Дегенмен оның өз балаларына алимент төлемей қашып жүргенін біраз болған. Желі қолданушысының жазуынша, оның 3 баласы бар. Азамат шаруа қожалығында істейтінін және 20 мың жалақы алатынын айтып, алиментке 10 мың беріп тұратынын да жазып беріпті. Бірақ нәтиже жоқ.

«Осындай адамды қалай праймеризге қабылдайды екен… Ең соңғы рет 2017 жылы сотқа қайта-қайта арыз жазып, сол жылы алимент алдым. Міне, содан бері алимент төлемеді» деп жазады ол.

Айта кету керек, желі қолданушысы жазған азамат праймеризге шаруа қожалығының иесі ретінде қатысып жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте Елбасы «Казмедприбор» мекемесінің қызметімен танысты

admin

Түркістанда жылыту қазандықтары газбен жылыту жүйесіне көшеді

admin

Қазақстанның 8 облысында жаңа оңалту орталығы салынады

admin

Пікір қалдыру