8 C
Shymkent
Наурыз 4, 2021
Қоғам

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың еңбекақысын көтеруді көздейді

тенге

Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдау барысында айтты, деп хабарлайды KAZUS.KZ ақпараттық порталы Аkorda.kz сайтына сілтеме жасап.

Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет 2020 жылы бюджет саласындағы 883 мың қызметкердің еңбекақысын өсірген. Атап айтқанда 609 мың педагогтың жалақысы 25 пайызға, 215 мың медицина қызметкерінің еңбекақысы 30 пайызға дейін, мәдениет, архив және өнер саласындағы 34 мың қызметкер мен әлеуметтік қорғау саласындағы 25 мың қызметкердің жалақысы 50 пайызға дейін көбейген.

Президент биыл да бюджет саласындағы 1 миллион 70 мың қызметкердің еңбекақысын, оның ішінде, 785 мың педагогтың жалақысын 25 пайызға, 247 мың медицина қызметкерінің еңбекақысын 30 пайызға,   әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік-медициналық мекемелердің 38 мың қызметкерінің жалақысын 45 пайызға дейін арттыру жұмысын жалғастыру аса маңызды міндет деп есептейді.

Ұқсас жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда жаңа арбат салынады

admin

АӘК алушыларға әлеуметтік көмек тағайындау автоматты түрде ұзартылды

admin

ШЫМКЕНТ: Құтқарушылар күніне орай 31 дана өрт сөндіру техникасы табысталды

admin

Пікір қалдыру