4.8 C
Нью-Йорк
03.12.2022
Басты жаңалық

«Қант дауынан» кейін қызметінен кеткен Бақыт Сұлтанов жаңа жұмыс тапты

Бақыт Сұлтанов Еуразиялық экономикалық комиссия Коллегиясының мүшелігіне тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің 6 қазандағы шешімі бойынша Бақыт Сұлтанов Қазақстан Республикасынан Еуразиялық экономикалық комиссия Коллегиясының жаңа мүшесі (Министрі) болып тағайындалды.

Оның құзыретіне Еуразиялық экономикалық одақтың трансшекаралық нарықтарындағы антимонополиялық реттеу және бәсекелестік мәселелері кіреді.

Айта кетелік, 15 тамыз күні Тоқаевтың жарлығымен  Бақыт Сұлтанов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Сауда және интеграция министрі лауазымынан босатылған болатын.

Сұлтанов министр міндетін атқарған кезде Қазақстанда қант бағасы шарықтап, елде тапшылық сезілген еді. Содан соң президент Сұлтановты қызметінен алып тастады. 

Related posts

Қазақстандықтардың Ресей банктеріне салған 9,2 млрд теңгесі бұғатталды

Admin

Қазақ мемлекеті аман тұрғанда, қазақ тілі жасай береді – Тоқаев

Admin

Азаматтарға ыңғайлы болу үшін автомобильдің VIN коды болуы туралы талап күшін жойды

Admin

Үш жылдық бюджет: Үкімет әлеуметтік салаға 8 трлн теңге бөлуді көздеп отыр

Admin

Қазақстанда орташа және базалық зейнетақы мөлшері өсті

Admin

Кімдердің зейнетақысы 4 есе өсетіні белгілі болды

Admin