6 C
Shymkent
Қазан 26, 2020
Спорт

«Қайраттың» легионері 8,5 мыңнан астам адамның жалақысына тең ақша алады

Вагнер Лав

«Қайраттың» легионері Вагнер Лавтың жалақысына еліміздегі қандай мәселелерді шешуге болатынын анықтап көрді, – деп хабарлайды Kazus.kz ақпараттық порталы META-RATINGS.KZ сайтына сілтеме жасап.

Сайт мәліметінше, футболшы бір маусымда 800 мың евродан артық қаржы табады. Теңгеге шаққанда 363 миллионға жуықтайды. Мұны еліміздегі соңғы жағдайларға байланысты сараптасақ, төмендегідей қызық деректер шығады.

Төтенше жағдай кезінде табысынан айырылған отбасыларға берілетін 42500 теңге Вагнер Лавтың 1 сағатына төленетін қаржымен шамалас. Сондай-ақ, оның бір маусымдағы табысын еліміздегі 8540 адамға 42500 теңгеден үлестіріп беруге болады.

Футболшының айлық табысына 4 балалы 11 отбасыға 88 896 теңгеден үлестіріп беруге болады. Демек оның айлығы Үкіметтің 44 балаға бөлетін қаржысымен тең.

Вагнердің бір маусымда өнер көрсетуі үшін төленетін қаржыға орташа есеппен Нұр-Сұлтан қаласынан 2 бөлмелі 25 пәтер сатып алуға болады. Бұл кезек күту мен пәтер жалдаудан шаршаған 70-80 адамның мәселесін шешеді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстандық спортшы Нурмагомбетовпен жекпе-жекке түспек

admin

Илья Ильин жаңа қызметке тағайындалды

admin

«Манчестер Сити»-дің бас жаттықтырушысы Пеп Гвардиола орнын босатуы мүмкін

admin

Пікір қалдыру