15.8 C
Нью-Йорк
27.09.2022
Қоғам

«Қазфосфаттың» жабылуын талап етті

Тараз қаласында 11 шілдеде орын алған оқыс жағдайға байланысты өткізілген семинарға қатысқан бірқатар белсенділер зауттың жабылуын талап етті деп хабарлайды Kazus.kz

Республикалық «Байтақ болашақ экологиялық альянсы» ҚБ президенті Азаматхан Әміртай Тараз қаласында «Жер-ана» фермерлер қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен ағымдағы жылдың 11 шілдесінде орын алған «Қазфосфат» зауытындағы ауаға таралған химиялық қоспалардың адам ағзасына зияндығы мен оның залалдарын анықтау және салдарын жоюға байланысты семинарға қатысты.

Тараз қаласы мен Жамбыл облысының белсенді азаматтары, қарапайым тұрғындар мемлекеттік орган өкілдері мен «Қазфосфат» ЖШС қызметкерлері қатысқан жиында зауыт өкілдері 11 шілдедегі казустық жағдай бойынша және жалпы зауыттың қоршаған ортаға тигізіп отырған залалдары мен оны шешу жолдарына қатысты қоғам белсенділерінің сұрақтары мен шағымдарына жауап беруге тырысты.

Зауыттың бас экологының жауаптарына қанағаттанбаған тұрғындар алдағы аптада зауыттың техникалық жағыдайымен танысып, экология министрінің орынбасарымен және зауыттың басшысы Нұрхан Нұрланұлымен кездесу ұйымдастырып, мәселені түпкілікті шешу керек деген тоқтамға келді.

Бірқатар белсенділер зауытты жауып тастау керек деген талап қойды. Басқа азаматтар зауытты жабу дұрыс болмайтындығын және зиянды қалдықтардың  зардаптырын азайтуды қолға алып, зауыт жергілікті тұрғындарға компенсация төлеуі тиіс деген пікір білдірді.

Related posts

Шекарадан көмір шығаруға тыйым салынды

Admin

Такси мен курьерлерді әлеуметтік пакетпен қамту жоспарлануда

Admin

Биыл 170 мыңнан астам түлек мектеп бітіреді

Admin

Елдегі жылу электр орталықтарының әбден тозығы жеткен – Энергетика министрлігі

Admin

200 мыңдай жұмысшының жалақысын көтеру көзделіп отыр – Тоғжанов

Admin

Нұрсұлтан Назарбаев күздегі президент сайлауына қатыса ала ма — Министрлік жауап берді

Admin