4.8 C
Нью-Йорк
03.12.2022
Басты жаңалық Спорт

Қазақтың бокс стилін паш еттіңіз — Тоқаев Әлімханұлын тарихи жетістікпен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев бокстан WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанған Жәнібек Әлімханұлына құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Президент әлемдік деңгейде шаршы алаң шебері атанған боксшыларымыз аз емес екенін, Қазақстан бокс мектебінің абыройын асқақтатуға Жәнібек Әлімханұлының да зор үлес қосып келе жатқанын атап өтті.

“Қажырлы еңбегіңіз бен мұқалмас ерік-жігеріңіздің арқасында қазақтың бокс стилінің үстемдігін тағы бір рет паш еттіңіз. Бұл айтулы жетістігіңіз жас өрендеріміздің спортқа, әсіресе боксқа деген қызығушылығын арттыратыны сөзсіз. Үлкен спорттағы әр қадамыңыз – олар үшін үлгі-өнеге. Сізге зор денсаулық, отбасыңызға амандық, спортта толағай табыс тілеймін!”, – деп жазылған Мемлекет басшысының құттықтау жеделхатында.

Еске сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атанды. Бұл жетістігінен соң боксшы мәлімдеме жасап, WBO тұжырымы бойынша чемпион атанған алғашқы қазақ екенін айтты.

Related posts

Коронавирустық пандемия әлі аяқталған жоқ – ДДСҰ

Admin

Тоқаев Ұлыбритания елшілігіне барып, II Елизавета қазасына байланысты көңіл айтты

Admin

Жигули Дайрабаев Орталық сайлау комиссиясында қазақ тілінен емтихан тапсырып жатыр

Admin

Құрбан Бердыев алматылық «Қайрат» клубынан кетті

Admin

Тоқаев Ильхам Әлиевпен кездесті

Admin

Қазақ мемлекеті аман тұрғанда, қазақ тілі жасай береді – Тоқаев

Admin