5 C
Shymkent
Қараша 26, 2020
Денсаулық

Қазақстандық жұмыс берушілер қызметкерлеріне күн сайын дене жаттығуын жасатуға тиіс

Зарядка на работе

KAZUS.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі дене жаттығуымен шұғылданудың үлгілік қағидаларын бекітті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дене жаттығуымен шұғылдануды жүргізудің үлгілік қағидалары 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексі 84- бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген және дене жаттығуымен шұғылдануды жүргізу тәртібін айқындайды.

Ұйымдарда дене жаттығуы жұмыс уақытында өткізіледі. Жұмыс беруші жұмыстың түріне, еңбек жағдайына, жұмыскердің жасына және жынысына байланысты дене жаттығулары кешенін әзірлейді.

Дене жаттығулары өткізілетін үй-жай үнемі таза болады. Дене жаттығуын бастар алдында алдын ала желдетіледі. Әр шұғылданушыға орта есеппен қауіпсіз жерді қамтамасыз ете отырып, үй-жайдың кемінде 1,5 метр бос алаңы болуы тиіс. Дене жаттығуы ұзақтығы 10-15 минуттан аспайтын жұмыс күнінің бірінші жартысында жүргізіледі. Дене жаттығу кешенін әр 3-4 апта сайын өзгерту керек.

Дене жаттығуының кешені 2-3 минутқа созылатын бой жазу және негізгі гимнастикадан тұрады.

Бой жазу бас пен денені созудан және баяу еңкеюден, бұрылудан немесе аяқтың ұшымен жүруден және қол-аяқтың айналмалы қозғалысынан тұрады. Негізгі гимнастика еңкеюді (тұрған қалпында да, отырған қалпында да), отырып тұруды және дененің бөліктері – бас, қол (иық, шынтақ, қол), аяқпен (жамбас, тізе, аяқ) жасалатын әртүрлі айналмалы жаттығуларды қамтиды.

Дене жаттығуы кезіндегі жүктемені, жаттығулардың әрқайсысының қайталану санын көбейту немесе азайту, олардың жылдамдығы мен жеке қозғалыс қарқынын өзгерту, демалу үшін интервалдарды енгізу арқылы реттей отырып біртіндеп ұлғайтады.

Ұқсас жаңалықтар

Коронавирустың екінші толқыны біршама жеңіл өтеді – эпидемиолог

admin

Өлген құс үшін өтемақы төлене бастады – ҚР АШМ

admin

Коронавирустан кейін елімізде туберкулез өршуі мүмкін

admin

Пікір қалдыру