25.8 C
Нью-Йорк
18.08.2022
Спорт

Қазақстандық боксшы WBO титулы үшін жекпе-жекте қарсыласын нокаутпен жеңді

Ақтауда өткен бокс кешінде қазақ боксшысы Мейірім Нұрсұлтанов титулдық жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық Мейірім Нұрсұлтанов (16-0, 9 КО) аргентиналық Себастьян Орасио Папескимен (18-3, 6 КО) жұдырықтасты.

Орта салмақтағы WBO International белбеуі сарапқа салынған жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған. Бірақ бесінші раундта Мейірім қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді.

Осылайша, Мейірім Нұрсұлтанов спорттық мансабында 17-ші жеңісіне қол жеткізіп, WBO белбеуін сәтті қорғады. Ал аргентиналық боксшы осымен төртінші мәрте жеңіліс тапты.

Related posts

Хоккейден әлем чемпионатының үздік ойыншылары анықталды

Admin

«Ордабасы» чемпионатта көш басына шықты

Admin

Қазақстандық теннисші күміс жүлдеге ие болды

Admin

Канело Головкинмен үшінші мәрте жекпе-жекке шығатынын мәлімдеді

Admin

Шымкентте балалар тегін шынығуда

Admin

«Мен үйге қайтамын» – Рыбакина қазақстандықтарға жүгінді

Admin