2 C
Shymkent
Қаңтар 24, 2021
Экономика

Қазақстандықтардың депозитте неше теңге сақтаулы тұрғаны белгілі болды

Депозит

2020 жылы банк жүйесіндегі депозиттер 15,3 пайызға ұлғайды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банкі төрағасы Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Банк жүйесіндегі депозиттер 2020 жылғы қарашаның соңында негізінен теңгемен салымдардың өсуі есебінен жыл басынан бері 15,3 пайызға ұлғайып, 21,9 трлн теңге болды», – деді ол Ерболат Досаевтың дерегінше, ұлттық валютамен салымдар 13,3 трлн теңгеге дейін 23,1 пайызға артты.

Өзге валютамен салымдар 2020 жылғы қарашаның соңында 8,6 трлн теңгені құрап, 5,1 пайыз өсті.

«Нәтижесінде депозиттерді долларландыру деңгейі 2020 жылғы қарашада 39,3 пайызға дейін төмендеді»,- деді ҰБ төрағасы.

Ұқсас жаңалықтар

Ө.Шөкеев азық-түлік бағасын тұрақтандыруды тапсырды

admin

Шымкенттегі металл зауыты 500 мың тоннадан астам өнім шығармақ

admin

Қазақстан экономикасы 2,5 пайызға құлдырауы мүмкін – Дүниежүзілік банк

admin