-2 C
Shymkent
Қазан 28, 2020
Басты жаңалықтар Денсаулық

Қазақстанда төтенше жағдай режимі қайтадан енгізілуі мүмкін бе?

Карантин

KAZUS.KZ. Қатаң карантиндік шараларды енгізбейміз деген үміттемін. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында алдағы уақытта елімізде төтенше жағдай режимін енгізу мүмкіндігіне қатысты сұрақ қойылды.

«Барлығы эпидемиологиялық жағдайға байланысты. Осындай шешім қабылдау қажет болса, тиісті қадамдар жасалатыны анық. Дегенмен, қазір Қазақстанда қалыптасқан тұрақтылықты тиісті қызметтердің жұмысы арқасында сақтап қаламыз деп үміттенеміз. Сонымен қатар, әр азамат маска тағып, арақашықтықты сақтап, бұқаралық шараларды ұйымдастырмай халықты қорғау бағытындағы шараларға атсалысады деп ойлаймыз. Бұл талаптарды орындасақ, карантинсіз әрі шектеу шараларынсыз індетті еңсереміз деген сенім бар», – деді министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан бірнеше елмен арадағы әуе рейстерін қысқартпақ. Соңғы үш аптада елордада карантин талабы жиі бұзылған.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда Фармацевтика өнеркәсібін дамыту бағдарламасы қабылданады

admin

Германия коронавирус салдарынан елде «лайт-локдаун» енгізді

admin

Праймеризде сүрінген танымал тұлғалар

admin

Пікір қалдыру