6 C
Shymkent
Қазан 26, 2020
Қоғам

Қазақстанда карантиндік шектеулерге өзгерістер енгізілді

KAZUS.KZ. Қазақстанда 2020 жылғы 15 тамыздағы карантин туралы қаулыға өзгерістер енгізілді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

16 қыркүйекте қол қойылған қаулыға сәйкес карантиндік шектеулерге біраз өзгерістер енгізілді. Онда кафе мен мейрамханаға ашық және жабық алаңда 30 адамнан 50 адамға дейін қабылдауға рұқсат етілді.

Маска режимі және әлеуметтік қашықтықты қатаң сақтау міндетті. Кинотеатрларға ашық алаңда жұмыс істеуге рұқсат етілді;

Театрдың көрермені 50 адамнан аспайтындай болуы шарт. Іnfokazakhstan.kz порталында тіркеліп, сондай-ақ маска тағып, әлеуметтік қашықтық сақтап жұмыс істеуге;

Сауда орталықтарында (жеке ғимаратта) орналасқан қоғамдық тамақтану нысандарында 50 орыннан асырмай, ұжымдық шара өткізбей жұмыс істеуге рұқсат етілді. 

Қаулының толық мәтіні Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің ресми сайтында жарияланды.

Ұқсас жаңалықтар

Әйелін балтамен ұрып жазалаған ер адам 11 жылға сотталды

admin

ТҮРКІСТАН: Кентау табиғи газбен толық қамтылды

admin

«Nur Otan» партиясының праймеризінің алғашқы кезеңі аяқталды

admin

Пікір қалдыру