5.4 C
Нью-Йорк
03.12.2022
Медицина

Қазақстанда жұлын бұлшықет атрофиясына шалдыққан балаларға арналған дәрі-дәрмек тегін беріледі

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі орфандық ауруларға шалдыққан пациенттерді амбулатория деңгейінде қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар тізбесін кеңейтті, — деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

Бұл туралы министрліктің ресми сайтында жарияланды. 

 – Ведомствоның тиісті бұйрығымен ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде Қазақстан Республикасының белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесіне 4 орфандық ауру мен 19 дәрілік зат енгізілді.

Мәселен, амбулория деңгейінде дәрі-дәрмекпен жіті лимфообластикалық лейкемия (понатиниб), май тінінің туабітті дистрофиясы немесе Берардинелли-Сейп синдромы  (метрелептин), жұлын атрофиясы (нусинерсен) және нейробластома (изотретионин) т.б. ауруларға шалдыққан балалар қамтамасыз етіледі.

Бұған қоса эпилепсия (тетракозактид, этосуксимид, вигабатрин, сультиам, лакосамид, перампанел, фенитоин, зонисамид, стирипентол, клобазам) Дюшен бұлшықет дистрофиясы (дефлазакорт) және созылмалы С вирусты гепатиті (софосбувир және ледипасвир) дертіне шалдыққан балаларға жаңа дәрілік заттар қосылды.

Жаңа дәрілік заттармен осындай ауыр дерт жабыстырған  2000-нан аса баланы қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Қазіргі таңда амбулатория деңгейінде тегін дәрілік заттармен 26 орфандық ауру түрі  қамтамасыз етіледі. Республика бюджет есебінен мұндай дәрілік заттарды орфандық ауруы бар 13977 пациент, оның ішінде 3499 бала алады, – делінген хабарламада. 

Related posts

Смайылов «медицина қызметкерлерінің орташа жалақысы 420 мың теңге» екенін мәлім етті

Admin

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 500 млн адамнан асты

Admin

Былтыр МӘМС бойынша көрсетілген стоматологиялық қызметтер саны 50%-ға өскен

Admin

Нью-Йоркте маймыл шешегіне қарсы жаппай вакциналау пункттері ашылды

Admin

Коронавирустық пандемия әлі аяқталған жоқ – ДДСҰ

Admin

Елімізде невролог дәрігерлер тапшы — депутат

Admin