-2 C
Shymkent
Қазан 28, 2020
Басты жаңалықтар Экономика

Қазақстанда бензин қымбаттауы мүмкін

АИ-92

Жыл соңына дейін АИ-92-нің литрі 170-180 теңгеге дейін өсуі ықтимал, деп хабарлайды Kazus.kz ақпараттық порталы «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

Мамандар АИ-92 бензинінің қымбаттауын акциз салығының көтерілуімен байланыстырады. 2025 жылы Еуразиялық экономикалық одақта мұнай өнімдерінің ортақ нарығы пайда болмақ.

Ал оған дейін одақ елдерінің бағасындағы алшақтықты азайту керек. Бұл сол кезде ішкі нарықта тапшылық тудырмау үшін қажет екен.

Қазір бізде ірі шаһарларда АИ-92-нің литрі 150 теңгеден жоғары болып тұр.  АИ-92 маркалы бензин Қарағандыда 152-156 теңгенің аралығында. Түркістанда 146-149 теңгенің шамасында. Павлодар аймағында бензиннің литрі 152-154 теңгеден. Таразда 148-152 теңгеден болып тұр. Ақтөбеде бензиннің литрі 156 теңгеден сатылуда.

Өскеменде де баға Ақтөбедегідей. Қостанайда АИ-92 маркалы бензин 155 теңге. Талдықорғанда 152 теңгеден. Ақтауда 156 теңге шамасында. Бір жылда елде электр энергиясының тарифі 6,6 процентке қымбаттаған.

Мұны energyprom.kz сайты жариялады. Баға Батыс Қазақстанда 1 жылдың ішінде шамамен 20 процентке, елордада 15 жарым процентке, Шымкентте 10 процентке өскен. Ал Ақмола облысында электр энергиясы керісінше 0,9 процентке арзандап отыр.

Жалпы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің дерегінше, биылғы қаңтар-тамызда елде 69,8 млрд кВт/сағат электр энергиясы өндірілген. Бұл былтырғы көлемнен 0,3 процентке артық. Павлодар, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстары электр энергиясын көп өндірді. Осы үш өңір елде өндірілген жалпы электр энергиясының 63,2 процентін берген екен.


Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: өңірде биыл 654 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімі экспортталды

admin

Солтүстік Қазақстан облысында 1 теңгеге мектеп сатып алуға болады

admin

ҚР Президентіне төрт ұсыныс

admin

Пікір қалдыру