Еліміздегі утильалымның 50 пайызға арзандауының нәтижесінде автокөлік бағасы да түсе бастаған.
Бұл туралы утильалымды алып тастау бойынша күресіп жүрген желі белсендісі Санжар Боқаев өзінің әлеуметтік парақшасында утильалым 50 пайызға азайды деп хабарлады.
Оның айтуынша қазірдің өзінде Ниссан, Тойота, Фольксвагеннің ресми дилерлері автокөлік бағасын утильалым соммасының 50 пайызына, яғни, 700 мың теңгеге төмендеткен көрінеді.
Боқаев қазақстандықтарға ендігі кезекте утильалымды бұдан да ары азайту бойынша жұмыстар жүргізетіндігін және бұл жемқор-олигархиялық схеманы бұзатындығын жеткізді.