4.8 C
Нью-Йорк
03.12.2022
Туризм

Қазақстандағы әуе компаниялардың қызметі 27 пайызға өсті

Биыл қаңтар-шілде айларында Қазақстанда әуе компанияларының табысы 276,8 млрд теңгеге жетті. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 189,2 млрд теңгені құраған еді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«270,6 млрд теңге сомасындағы негізгі кіріс барлық бағыт бойынша жолаушылар тасымалы есебінен қалыптасты. Тағы 6,2 млрд теңгесі жүк тасымалына тиесілі. Көлікті жалға беруден түскен кіріс 3 млрд теңге болды», — делінген finprom.kz мәліметінде.

2022 жылғы қаңтар-шілдеде әуе көлігімен 5,8 млн адам сапарлап, бұл көрсеткіш былтырға қарағанда 12,8 пайызға артық. Шілде айында 1,2 млн адам тасымалданып, былтырғыдан 7,3 пайызға көбірек болды.

Жолаушы тасымалының басым бөлігі Алматыға тиесілі, яғни 4 млн адам әуе көлігімен сапарға шықты.

Сонымен қатар, ұшақпен 12,7 мың тонна жүк тасымалданып, бір жылғы деңгейден 36,1 пайызға аздау болды. Ал шілдеде ұшақпен 2,4 тонна жүк жеткізіліп, маусым айына қарағанда 8,8 пайызға өсті.

«2022 жылғы шілденің қорытындысы бойынша жолаушыларға арналған әуе команияларының қызметтері жыл ішінде 26,6 пайызға өсті. Қызмет көрсету құнының едәуір өсуі Түркістан (56,8 пайызға), Жамбыл (46,7 пайызға), Шығыс Қазақстан (44,5 пайызға) облыстарында тіркелді. Солтүстік Қазақстан облысында қызмет құны өзгермегеген, сондай-ақ Ақмола облысында 8,7 пайызға, Қызылорда облысында 8,8 пайызға, Павлодар облысында 17,7 пайызға арзандады», — деп аталып өткен таратылған ақпаратта.

Related posts

ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНДЕ ТУРИЗМ САЛАСЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ САРАПТАЛДЫ

Admin

Самарқандта 2300 жылдық көне әскери бекініс табылды

Admin