15.8 C
Нью-Йорк
27.09.2022
Мәдениет

Этнограф, cуретші Ералы Оспанұлының кітаптарының тұсаукесері өтті

Бүгін Халықаралық Түркі академиясы Нұр-Сұлтан қаласында  Ұлттық академиялық кітапханасының ғимаратында белгілі этнограф, суретші Ералы Оспанұлының шығармашылығына арналған «Ою-өрнектер әлемі» атты алқалы жиын өткізді. 

Қазақ мәдениетінің бай мұрасын насихаттайтын тағылымды шараға Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің төрағасы Қуат Бораш, белгілі этнограф, суретші-график, безендіруші Ералы Оспанұлы,  Қазақстан суретшілер одағының, дизайнерлер одағының мүшесі, ҚР Көркемсурет академиясының корреспондент мүшесі Өмірәлі Исмаилов, суретші және этнограф-қару-жарақ зерттеушісі Ахметжан Қалиолла, суретші, Қазақ елі монуметінің авторы Сембіғали Смағұлов, суретші, сәулетші Жеңіс Кәкенұлы, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ түркітану кафедрасының профессоры, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент мүшесі  Шәріп Амантай, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ жанындағы Этносаралық қатынастар және толеранттылық орталығының директоры Сатай Сыздықов,  жазушы, этнограф Ұларбек Нұрғалымұлы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, тарих ғылымдарының докторы Тұрсынхан Законұлы, Ұлттық музейі жанындағы Мәдени мұраны ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Айбар Қасеналин, сонымен қатар, танымал этнографтар, өнертанушы, мәдениеттанушы ғалымдары және суретшілер мен зергерлер қатысты.

Аталған еңбектерде автор қазақ халқының ұлттық өнерінің қалыптасу, өркендеу кезеңдерін, сонымен қатар ежелгі түркі, қыпшақ қолөнерін негізге ала отырып тамырлас халықтар мәдениетіндегі сабақтастық туралы баяндайды. 

Атап айтқанда ол «Қазақ халқының ою-өрнектерінің этнографиялық атласы» атты еңбегінде көне дәуірден қалыптасқан ұлттық бұйымдарды (киіз, кесте, тоқыма, ағаш, тері, зергерлік, сәулет өнері) көркемдеуде қолданылған ою-өрнектердің пайда болуын, олардың түрлерін, нышанын, семантикалық мән-мағынасын терең зерделеп жазған.

Ал «Қошетер – қазақ халқының қолөнері» атты альбом-кітапта автор көшпенді өмір-тіршілігінің болмысын, рухани мәдениетін, дүниетанымын дәріптейтін ұлттық бұйымдар түрлерін қарастырған.

Сондай-ақ альбом бүгінде қазақ жеріндегі және алыс-жақын елдердегі музейлерде сақтаулы тұрған қолмен жасаған құнды жәдігерлердің қайталанбас дәстүрлі үлгілері мен шеберлердің шығармашылығын дәріптейтін көне фотолармен безендірілген дейді baq.kz

Related posts

Қазақстанда әрбір шетелдік турист үшін туроператорларға 15 мың теңге төленеді

Admin

Димаштың әндері Бразилия радиосында күн сайын шырқалып жатыр

Admin

«Balapan әлемі» республикалық балалар фестивалі өтеді

Admin

Отандық телеарналардан референдум туралы деректі фильм көрсетіледі

Admin

Мың оқушы қатысқан домбыра сабағы: Мемлекет басшысы Айтжан Тоқтағанға алғыс хат жолдады

Admin

Алматыда кітап жәрмеңкесі өтеді

Admin