9 C
Shymkent
Қараша 26, 2020
Басты жаңалықтар

Денсаулық сақтау экс-министрі Елжан Біртанов қамауға алынды

Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшысы Елжан Біртановқа қатысты тергеу жүріп жатыр, – деп хабарлайды Kazus.kz ақпараттық порталы Tengrinews.kz тілшісі.

«Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Экономикалық тергеу қызметі бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа қатысты аса ірі көлемде бюджет қаражатын ысырап ету фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Сот Біртановқа қатысты қамауда ұстау бұлтартпау шарасын санцияланды. Тергеу мүддесіне байланысты қосымша ақпарат жарияланбайды», – делінген комитеттің хабарламасында.

Еске салайық, мұның алдында Желіде экс-министр Біртанов ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді. Ақпарат Telegram-дағы бірнеше арнада анықтамалық құжат түрінде жарияланған болатын. Кейінірек бірқатар БАҚ ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып, бұрынғы денсаулық сақтау министрінің ұсталғанын мәлімдеді.

Елжан Біртанов биыл 25 қаңтардан 25 маусымға дейін Қазақстанның денсаулық сақтау министрі болды. Ол қызметінен кетер алдында коронавирус жұқтырғаны белгілі болған. Сол кезде Біртанов ауруы пневмонияға асқынғандықтан, оған қосымша емделу қажет екенін хабарлаған еді. Қазір Денсаулық сақтау министрлігінің жаңа басшысы – Алексей Цой.

Ұқсас жаңалықтар

Дәрігерлердің отбасына 10 миллион теңгеден беріледі

admin

Коронавирустың екінші толқыны біршама жеңіл өтеді – эпидемиолог

admin

Қазақстан экономикасы қай уақытта қалпына келетіні айтылды

admin

Пікір қалдыру