4 C
Shymkent
Қазан 28, 2020
Экономика

ШЫМКЕНТ: 8 айда 100 миллионнан астам жұмыртқа өндірілді

Жұмыртқа

Шымкентте 8 айда 22,9 миллиард теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді, деп хабарлайды Kazus.kz.

Бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3 процентке өскен.

Бұл өсімге мал шаруашылығы саласындағы өнім көлемін арттыру арқылы қол жеткізілді.

Атап айтқанда, 8 ай ішінде 100,4 миллион дана жұмыртқа алынды. Оның ішінде 23 миллион данасын «Тассай құс» және «Шымкент құс» ЖШС-тері өндірген. Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы мамандарының айтуынша, бұл дерек жұмыртқа өндіру 29,8 процентке көбейгенін көрсетеді.

Ал, ет өндірісі 1,1 процентке артып,  10,6 мың тоннаны құрап отыр. Бір ғана «Шымкент құс» ЖШС-і бройлер тауық пен малдың 118,2 тонна еті өндірілді.

Сондай-ақ, есепті кезеңде 35,2 мың тонна сүт сауылып, өнім көлемі 3,3 прцентке артқан. Оның ішінде «Бәйтерек Агро», «Зертас», «Тұран агро продукт» ЖШС-тері сүт өндірісін 1,1 мың тоннаға арттырған.

Айта кетейік, қалада 81,5 мың — ірі қара, 106,8 мың – қой мен ешкі, 4,1 мың — шошқа,  14,5 мың – жылқы, 29 бас түйе және 100,1 мың құс бар.

Ұқсас жаңалықтар

Теңгедегі ұзақ мерзімді депозиттердің мөлшерлемелері өзгертілді

admin

Қазақстанда бензин қымбаттауы мүмкін

admin

ТҮРКІСТАН: өңірде биыл 654 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімі экспортталды

admin

Пікір қалдыру