2 C
Shymkent
Қаңтар 24, 2021
Басты жаңалықтар Білім/ғылым

ШЫМКЕНТ: 2021 жылы неше жолдың жөнделетіні белгілі болды

Мақсұт Исахов

Шымкент қаласына 2021 жылы автомобиль жолдарын жөндеуге 32,3 млрд. теңге бөлінді, – деп хабарлайды KAZUS.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов ақпараттық коммуникация орталығында өткен брифингте мәлімдеді.

Шымкент қаласының бас жоспарына сәйкес, қала көшелерінде көлік кептелістерін болдырмау және жол апаттарының алдын-алу мақсатында, Шымкент қаласының көлік инфрақұрылымын дамыту жоспары бекітілген болатын.

Жоғарыда атап өткен қаржыға 128 нысан, яғни 253,1 шақырым жолдар құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Бекітілген жоспарға сәйкес, бірнеше көшені қайта құру, жолайрықтарын салу, жаңадан көшелер салу, бағдаршамдардың жұмысын оңтайландыру  және жол таңбалары арқылы көлік қозғалысын реттеу іс-шаралары қамтылған.

Атап айтатын болсақ:
– 12 нысанның құрылыс жұмыстарына – 20 808,3 млн.теңге (56,4 шқ., 2 жолайрық);
– 3 нысанның қайта құру жұмыстарына – 1 441,2 млн.теңге (8,1 шқ.);
– 4 нысанның күрделі жөндеу жұмыстарына – 1 212,5 млн.теңге (49,8 шқ.);
– 109 нысанның орташа жөндеу жұмыстарына – 6 421,9 млн.теңге (138,8 шқ.);
– Жолдарды күтіп ұстауға – 450,0 млн. теңге;
– Шағал тас төсеуге – 600,0 млн. теңге;
–  Жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге – 370,0 млн. теңге;
– Аялдама орнату – 630,0 млн. теңге – 15 ЖСҚ әзірлеуге және мемлекеттік сараптамадан өткізуге – 239,9 млн.теңге бөлінді.

Шымкент қаласының жолдарына жоспарға сәйкес құрылыс жұмыстары жүргізілсе, 2021 жылдың қорытындысымен жақсы және қанағатты жағдайдағы жолдардың үлесі 63,6% немесе 1 893,2 шақырымды құрайтын болады.

Ұқсас жаңалықтар

Отбасылық зорлық-зомбылық: Бірінші оқылымда мақұлдап жіберіппіз – Бекболат Тілеухан

admin

Шымкентке 6,2 млрд теңге көлемінде дәрі-дәрмектер және медициналық бұйымдар жеткізілді

admin

Қазақстан мен БАӘ $6,1 млрд құрайтын инвестициялық жобаларды іске асыруға келісті

admin