2 C
Shymkent
Қаңтар 24, 2021
Экономика

Шымкент үш бағытта ауқымды жобаларды жүзеге асырады

Құрылыс

Таяуда Шымкент қаласы мәслихатының сессиясында Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасы қабылданды, деп хабарлайды Kazus.kz.

Жаңа бағдарлама аясында 3 бағыт – өңір экономикасының өсімі, өмір сүруге жайлы және қауіпсіз өңір және өмірдің жаңа сапасын қамтамасыз ету бағыттары бойынша ауқымды жобалары іске асырылмақ.

Бірінші бағытқа сәйкес, өнеркәсіп саласында 2021-2025 жылдары шетелдік инвесторлардың қатысуымен (Оңтүстік Корея, Ресей, Қытай, Түркия, Өзбекстан, Испания, Франция) кемінде 15 жоба іске асырылады. Оған 2,5 млрд. АҚШ доллары көлемінде шетелдік инвестиция тарту жоспарлануда. Нәтижесінде 2 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылады.

Агроөнеркәсіп саласында 136 га «Агроиндустриалды аймақ» құрылып, 89 га өндірістік жылыжай салынбақ. Жылы жай, қарқынды бау, мал бордақылау, мал және құс етін өңдеу бойынша 42 инвестициялық жобалар іске асыру көзделіп отыр.

Екінші бағыт бойынша 2021 жылы 10 елдімекенді сумен жабдықтау және 2022 жылға дейін 8 елдімекенді сумен қамтамасыз ету үшін тағы 3 магистралдық құбыр салу жоспарлануда. Қаланың автокөлік инфрақұрылымын 2025 жылға дейін дамыту үшін бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Тұрғын үй саласында 5 жылда 3 миллион шаршы метр баспана немесе 47 мың пәтер салу көзделіп отыр (2021 жылы – 592,3 мың шаршы метр, 2022 жылы – 602,8 мың шаршы метр, 2023 жылы – 610,8 мың шаршы метр, 2024 жылы – 624,1 мың шаршы метр және 2025 жылы – 632,3 мың шаршы метр).

Үшінші бағытқа сәйкес, 2021-2025 жылдары 24 мектеп және 13 балабақшаны күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Нәтижесінде үш ауысымды және апатты мектептердің мәселесі толық шешіледі. Денсаулық сақтау саласында, шетелдің заманауи технологиясымен жабдықталған 1 000 орындық көпсалалы аурухана, 10 медициналық мекеменің құрылысы қолға алынбақ. Қаладағы жалпы 36 медицина мекемесінің материалдық-техникалық базасын жаңарту жоспарлануда.

Спорттық инфрақұрылымды дамыту мақсатында төрт дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынып, 6 стрит-воркаут және 73 спорт алаңы ашылады. Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің филиалдары барлық шағынаудандарда жұмыс істейді.

Ұқсас жаңалықтар

5 млн теңгеге дейін қайтарымсыз несие берілуде

admin

Түркістан облысында жылына 500 тонна балық өндіретін кооператив салынып жатыр

admin

Түркістаннан Нұр-Сұлтанға ауыл шаруашылығы өнімдері жол тартты

admin