2 C
Shymkent
Қаңтар 24, 2021
Басты жаңалықтар

Шымкент: Қаладағы ірі жолайрықтың құрылысы көлік қозғалысына қалай әсер етеді?

Шымкент қаласы әкімдігі Рысқұлов-Қонаев көшелерінің қиылысындағы жолайрықтың құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтап, 2021 жылдың 16 желтоқсанына дейін жолайрықта көлік қозғалысын ұйымдастыруды жоспарлап отыр, – деп хабарлайды KAZUS.KZ.

Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов БАҚ өкілдерімен өткен брифингте айтты. Жалпы жолайрық құрылысы 3 кезеңге бөлінеді.

І кезең 2020 жылдың 15 қазанында басталған болатын. Күні бүгінге дейін жоспар бойынша ұзындығы 3,3 шақырым инженерлік желілер, 7500 м3 жер мен 75 қада құю және 7 бағана орнату жұмыстары орындалған.

ІІ кезең ағымдағы жылдың 20 қаңтарынан басталады. Бұл кезеңде жол жабынын бұзу, инженерлік желілердің орнын ауыстыру, жер қазу, тіреу қабырғаларын бетондау, жол өткелінің құрылысы, және жол жамылғысын салу жұмыстары атқарылады. 2021 жылдың 16 желтоқсанына дейін құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтап, жолайрықта көлік қозғалысын ұйымдастыру жоспарлануда.

ІІ кезеңде Қонаев даңғылы («Роял» клубы тұсынан Рысқұлов көшесіне дейін) және Бәйдібек би даңғылы (Рысқұлов көшесінен Дулати көшесіне дейін) толығымен жабылады. Көлік ағынын, Дулати, Қазыбек би, Байырқұм, Байтұрсыновкөшелеріне бағыттап, көлік қозғалысы ұйымдастырылады. Бозарық елді мекенінен қалаға қарай бағытта Бәйдібек би, Байырқұм, Дулати көшелерімен, қаладан Бозарыққа қарай бағытта Қазыбек би, Рысқұлов, Бәйтереков, Жәнібеков және Дулати көшелерімен жүруге болады.

Сонымен қатар, қоғамдық көліктер қозғалысына да бірқатар өзгерістер енеді. Атап айтсақ, Қонаев көшесімен қозғалатын №152 және №135 автобус маршруттарын Д.Қонаев, О.Жандосов, А.Байтұрсынов, Т.Рысқұлов (ары қарай – сызбаға сәйкес) көшелері арқылы өзгерту жоспарланған.

Ұқсас жаңалықтар

Еліміздің сыртқы қарызының көлемі белгілі болды

admin

«Енді маған еш нәрсе жасырудың қажеті жоқ» – Елбасы құпиясын бөліседі

admin

Үйлер 510 теңгеден сатылып жатыр. Аласыз ба?

admin