2 C
Shymkent
Қаңтар 24, 2021
Қоғам

ШЫМКЕНТ: Жаңа жылда 303 сәби дүниеге келді

Cәби

Шымкентте жаңа жылға өткен түні 69 сәби өмір есігін ашты. Сәбилердің 34 ұл, 35 қыз бала, деп хабарлайды KAZUS.KZ.

Ал 4 қаңтарға дейін екі перзентхана мен бір перинаталды орталықта дүниеге келген сәбилерден қыздың саны ұлдан басым болып отыр. Төрт күн аралығында туылған 303 сәбидің 142 ұл, 161 қыз бала және 1 егіз бар. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 32 балаға артқан.

Жаңа туған сәбилердің саны бойынша қалалық перзентхана көш бастап тұр. Төрт күнде 77 ұл бала, 49 қыз, жалпы 126 сәби өмір есігін ашқан. Шаһарда 2021 жылдың алғашқы егізі де осы перзентханада дүниеге келді. Егіз қыздардың бірі 2800 грамм, екіншісінің салмағы 2625 грамм. Қазір ана мен балалардың жағдайы жақсы, қазір дәрігерлердің бақылауында.

Қалалық перинатальды орталығында дүнеге келген сәбилердің ұл балалар саны басым. 91 сәбидің 51 ұл, 40 қыз бала.

Сонымен қатар, №2 қалалық ауруханаға қарасты босану үйінде 1-4 қаңтар аралығында 68 сәби дүниеге келген. Оның 34 ұл, 34 қыз.

Айта кетейік, қаладағы барлық үш перзентханада оқыс оқиғалар мен келеңсіз жайттар орын алмаған.

Ұқсас жаңалықтар

Тоқаев: «Хайпократияға жол берілмейді деп үміттенемін»

admin

Балқаш жағалауында жолбарыс санын 200-ге дейін жеткізуге болады – министрлік

admin

Полицейлер бір ай бұрын із-түссіз жоғалған жасөспірімді тапты

admin