-13 C
Shymkent
Ақпан 24, 2021
Қоғам

Шымкент жастары жазасын өтеп отырған өз замандастарымен кездесті

Шымкент жастары

Шымкент қаласында «Жастар ресурстық орталығы» мамандары жазасын өтеп отырған жастармен кездесу ұйымдастырды, деп хабарлайды KAZUS.KZ.

Кездесу Қазақстан Республикасы ішкі істер министірлігі қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Шымкент қаласы бойынша «ИЧ – 167/2» Республикалық мемлекеттік мекемесінде өтті.

Жиынның мақсаты жазасын өтеп отырған жастарды қоғамға қосу, қайта әлеуметтендіру, зандылық пен құқық тәртібін түсіндіру, құқықбұзушылыққа жол бермеу және мәдени және психологиялық сауаттандыру.

Кездесу барсында мамандар жиынға қатысқан 20-ға жуық жастың қызуғушылығын анықтады. Жазасын өтеп шыққандардың қылмыс әлеміне қайта оралмас үшін, оларды әлеуметтік бейімдеу, қоғамға пайдасы тигізетін тұлға ретінде қалыптасытыру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, оларға арнайы үйірмелер кестесін құрылып, ақпараттық кітапшалар таратылды.

Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен өткен кездесу бүгінгі індет жағдайын ескере отырып, барлық санитарлық – эпидемиологиялық талаптарға сай жүргізілді.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте карантин талабын бұзған 407 тұлғаға айыппұл салынды

admin

Айнұр Тұрсынбаева: «Басым жерге жеткенше иіліп сіздерден де кешірім сұраймын»

admin

Қазақстандық депутат ЖОО-да тегін білім беруді ұсынды

admin