4.8 C
Нью-Йорк
03.12.2022
Оқыс-оқиға

Шымкентте экстремистік бағыттағы материалдарды таратқан тұрғын ұсталды

Шымкентте экстремистік бағыттағы материалдарды таратқан тұрғын ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шымкент қаласы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдікті қолға түсті. 40 жастағы жергілікті тұрғын әкімшілік жауапқа тартылды.

«Күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 490-бабының 1-бөлігі 3-тармағымен (Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу, діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де материалдарды, діни мақсаттағы заттарды әкелуге, әзірлеуге, шығаруға, басып шығаруға және (немесе) таратуға көзделген құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік іс қозғалған. Сот қаулысымен деструктивті діни ағым ұстанушысы кінәлі деп танылып, оған 153 000 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды»-делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Related posts

Ток соққан 4 жасар бала екі қолынан айрылды

Admin

Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды

Admin

Ақтөбеде жасөспірім найзағайдан көз жұмды

Admin

Оралда ірі қоқыс алаңы өртеніп жатыр

Admin

Тараз қалалық сотының төрағасы пара алды деген күдікке ілінді

Admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖОЛДА ҚАЛҒАН 35 АДАМ ҚҰТҚАРЫЛДЫ

Admin