22 C
Shymkent
Қыркүйек 21, 2020
Басты жаңалықтар Денсаулық

Шымкентте ЭКО-ға бөлінетін квотаны күтіп отырған отбасы көп

ЭКО

фото : видеодан кадр

KAZUS.KZ. Дер кезінде дәрігерлік тексеруден өтіп, ем қабылдағандар бір басқа, қаражат тапшылығынан маманға жүгене алмай жүрген жандар көп. Оның бірсыпырасы «сәби сүйе алмадық» деген желеумен ажырасып та кетіп жатыр екен. Ал, республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының мәліметінше, елімізде осы күні 9 мыңнан астам әйел бедеулік диагнозымен есепте тұр. Олар өз отбасын сақтап қалу үшін енді Президент Жолдауындағы «Аңсаған сәби» атты бағдарламаның ертерек іске асуын күтіп отыр, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Әдемі Күмісбек бес жылдан бері бір перзентке зар болып жүр. Сәбилі болуды аңсаған ол талай медициналық орталықтың табалдырығын тоздырғанын айтады. Алайда, ешбірінен нәтиже болмапты. Содан Шымкенттегі ЭКО орталыққа келіп, жасанды жолмен ұрықтандыру арқылы бала сүюді мақсат еткен. Желтоқсанда өтініш беріп, қаңтарда квота бөлініпті. Енді Алланың қалауымен жүкті болғанын қауынышпен айтып отыр.

Әдемі Күмісбек, қала тұрғыны:

«Мен бес жыл бойы бармаған жерім жоқ. Ташкентке де бардым. Массажға да бардым. Парафин, электрофарез бәрін алғанмын. Тіпті, жер ауыстырып, астанаға да көштім. Жас отбасыларға айтарым, бірден осы жерге келген дұрыс».

Өкінішке қарай, жас отбасылар арасында белсіздікпен күресіп жүрген жандар көп екен. Оның себебін мамандар дұрыс тамақтанбау, көп қозғалмау, экологиямен, одан қала берді қажет емес дәрілерді шамадын тыс қолданумен түсіндіреді.

Аслан Әбішев, дәрігер:

«Жүктілік болмай жатқан себебі – ол ер азаматтың, әйел азаматтың да тарапынан болуы мүмкін. Сол себепті, біз жалпы қарастырамыз. Әртүрлі жас ерекшеліктер келеді. Мысалы, 18 жастағы жас отбасы келуі мүмкін. 45 жастағы үлкен жастағы кісілер де келуі мүмкін».

Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының мәліметінше, елімізде тоғыз мыңнан астам әйел бала көтере алмайтындардың тізімінде тұр екен. Енді олар келер жылы іске асатын «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында жасанды жолмен ұрықтандыру арқылы бала сүюге үмітті. Өйткені, Қазақстанның әр қаласында жұмыс істеп тұрған 26 ЭКО орталыққа Президенттің пәрменімен 7 мың квота бөлінетін болды. Мұндай жағымды жаңалықты Президент халыққа арнаған кезекті жолдауында айтқан болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Дүние жүзінде азық-түлік дағдарысы болады деп болжанды

admin

Мұғалімдер жұмыста жүріп коронавирус жұқтырса…

admin

Өткен тәулікте 16 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды

admin

Пікір қалдыру