25.8 C
Нью-Йорк
18.08.2022
Шымкент

Шымкентте медицина бұйымдарын шығаратын өндіріс орны ашылды

Бүгін Шымкент қаласының күні қарсаңында «Тассай» индустриялық аймағында қорғаныс киімдері мен медициналық бұйымдар шығаратын «Экофарм» өндіріс орны ашылды деп хабарлады turkystan.kz.

Бүгінгі таңда «Тассайда» жалпы инвестиция көлемі шамамен 45 миллиард теңге құрайтын 37 жоба жүзеге асып жатыр.

Жалпы құны 3,4 млрд. теңге болатын инвестициялық жобаны іске асыру үшін «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында жер беріліп, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында «Даму» қоры арқылы субсидияланған.

Жаңадан ашылған бұл өндірісте 150 адам жұмыс істейді. Заманауи технологиялармен жабдықталған өндіріс орнында жылына 600 мың дана қорғаныш киімінің 17 түрі, 500 мың дана медициналық киім, 20 миллион дана медициналық маска мен респиратор, 1 миллион дана медициналық көзілдірік шығарылады.

Жалпы, Шымкент қаласы дәрі-дәрмек пен медицина бұйымдарын шығаратын орталық болып қалыптасып келеді.

Related posts

Шымкентте заңсыз алкоголь өндіретін цех астыртын жұмыс істеп келген

Admin

Шымкентте жарылыстан зардап шеккендерге қаржылай көмек беріледі

Admin

Шымкентте перзентхана маңында жарылыс болып, күзетші қаза тапты

Admin

Шымкент қаласы 2021-2022 оқу жылын қалай қорытындылады?

Admin

Түркістан өңірі бойынша оқу жылын 30 049 оқушы бітірді

Admin