25.8 C
Нью-Йорк
18.08.2022
Шымкент

Шымкентте заңсыз алкоголь өндіретін цех астыртын жұмыс істеп келген

Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті жалған есепке алу-бақылау маркаларын пайдаланып, контрафактілік алкоголь өнімін өндіретін астыртын цех қызметінің жолын кесті, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі

«Тінту кезінде жалпы саны 3 мың бөтелкеге жуық «Родная степь», «Русская на бруньках», «Тау эксклюзив» контрафактілік алкогольдік өнімдері табылып, тәркіленді. Сондай-ақ 1 мың литр алкоголь, алкогольдік өнімдер өндіруге арналған аппарат, контрафактілік есепке алу-бақылау маркалары, 20 мыңнан астам бос бөтелке табылып, тәркіленді», – делінген агенттік хабарламасында.

Сот үкімімен ұсталған азамат қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 1 531 500 теңге айыппұл салынды. Тәркіленген контрафактілік алкоголь өнімі жойылады.

Related posts

Шымкентте перзентхана маңында жарылыс болып, күзетші қаза тапты

Admin

Түркістан өңірі бойынша оқу жылын 30 049 оқушы бітірді

Admin

Шымкент қаласы 2021-2022 оқу жылын қалай қорытындылады?

Admin

Шымкентте медицина бұйымдарын шығаратын өндіріс орны ашылды

Admin

Шымкентте жарылыстан зардап шеккендерге қаржылай көмек беріледі

Admin