-0.8 C
Shymkent
Қазан 28, 2020
Қоғам

Шымкентке 800 мыңға жуық ағаш көшеттері отырғызылады

ағаш отырғызу

Осы жылы қала аумағына 800 мыңға жуық ағаш көшеттерін егу жоспарланған. Көктем айларында 71 253 дана ағаш көшеттері отырғызылды, деп хабарлайды Kazus.kz.

Ал күз мезгілінде 703 646 дана көшетті сенбіліктер аясында егіледі.

Сонымен қатар, қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы мамандарының айтуынша, биыл 8 ай көлемінде 201,1 мың шаршы метр аумаққа жаздық гүл орындары мен 18,5 мың шаршы метр жерге газон орындары жасалған. Сондай-ақ, 159 700 дана лигуструм егілген.

Қаладағы мұндай жасыл желектер отырғызу және күтіп ұстау жұмыстарын «ЛТД Тұрмыс» мердігер компаниясы атқаруда.

Одан өзге, орталық 131 көшеге және Бадам өзені жағалауы, Мәделі көшесі, Темірлан тас жолы бойындағы гүлзарларда 66,2 гектар газон орындарына, 290 мың данадан аса ағаш көшеттеріне күтіп ұстау жұмыстары жүргізілген.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Кентау қаласында жыл соңына дейін 600 отбасы жаңа баспанаға ие болады

admin

ҚР Президенті блогерлер мен журналистерге ескерту жасады

admin

50 мың теңгенің кімдерге берілетіні белгілі болды

admin

Пікір қалдыру