15 C
Shymkent
Қыркүйек 23, 2020
Шоу-бизнес

ШОК! Мұны білмесеңіз, 8 миллион теңге несиені 34 миллион теңге қылып қайтаруыңыз мүмкін

Дәулет Мұқаев

Елімізге белгілі блогер Дәулет Мұқаев қазақстандықтарға үй алуда банктердің жоғары пайыздық несиесіне алданып қалмауды ескертті, – деп хабарлайды Kazus.kz ақпараттық порталы.

Дәулен Мұқаев оқырманы жіберген хат бойынша: «Үй аламын деп Сбербанктен 8,6 миллион алып, соның үстіне (18%) 18,8 миллион қосып, жиыны 27,5 миллион етіп қайтарады. 10 жыл емес, 15 жыл емес … Бақандай 17 жыл! 2036 жылдың аяғында бітеді. Онымен қоймай, табыс көзін растап, бастапқы жарнасын салып алған» деп жазды. Блогер оқырман жіберген төлем қағазын да көрсеткен. Жазуынша, банк менеджері несиеге өтінім берерде үй алуға қатысты пайыздық мөлшерлемесі аз бағдарламалар турасында айтпаған. Дәулет Мұқаев алдағы уақытта үй алу үшін несиеге өтінім берерде банкке біраз нәрсе жайында біліп бару керегін ескертеді.

«Тағы бір банк бар, дәл осылай 8 миллионға, 26 миллион қосады. Ол жақта процент 25%» деп жазды блогер. Сондай-ақ пост соңында қаржылық сауатты арттыру және мүмкіндігінше банкке жоламауға кеңес берді.

Айта кету керек, Дәулет Мұқаев – әлеуметтік желілерде үйді тиімді жолмен сатып алу бойынша түрлі пайдалы кеңестер беріп жүрген блогер.

Ұқсас жаңалықтар

«Отбасыңызды сақтап қалыңыз»: Соңғы кезде Сәдуақасова елді алаңдатты

admin

«Қалаулымның» экс-қатысушысы: «Көтке кіруден» бірінші орын алатын қасиетінің арқасында жүргізуші болып отыр»

admin

Әншілер концерттің фонограмма пайдаланумен өтетінін хабарлауға міндетті

admin

Пікір қалдыру