-13 C
Shymkent
Ақпан 24, 2021
Денсаулық

Шаш шықты: Шымкентегі орын алған оқиға жұртты шошытты (фото)

операция

Қалалық клиникалық балалар ауруханасына 9 ақпан күні 4 жасар қыз баласы жедел жәрдеммен жеткізілген. Ата-анасына айтуынша, балақайдың асқазаны ауырып, мазасызданып жүрген екен, деп хабарлайды KAZUS.KZ.

Дәрігерлер балақайдың асқазанын ФГДС аппаратымен тексеріп, іште бөгде зат бар екенін анықтайды. Бұған қоса науқаста ауыр дәрежелі қан аздығы болыпты. Іштегі бөгде затты алу үшін хирургтар операцияның алдында науқасқа қан құяды. Кейіннен отаға дайындап, үшінші тәулікте қыз балаға операция жасалды.

Медицина мамандары отаны ашық түрде жасап, 4 жасар қыздың асқазанынан ұзындығы 18 см болатын бір уыс шаш алып шықты.

Күрделі отаны қалалық клиникалық балалар ауруханасындағы білікті мамандары – хирургтар Сұлтанғали Сарыбай, Әкім Түлкібаев, анестезиолог-дәрігер Шұхрат Құрбанбаев жасап шықты.

«Шаштың көлемі үлкен болғаны соншалық асқазанның 90 пайызын жауып қалған. Соның салдарынан бала дұрыс тамақтана алмай, мазасызданған. Операция сәтті өтті. Қазір қыздың жағдайы жақсы. Ата-аналарға айтарымыз, баланы қараусыз қалдырмаңыздар» – дейді хирург Әкім Түлкібаев.

Балақай қазір қалалық клиникалық балалар ауруханасы дәрігерлерінің бақылауында. Жағдайы жақсарған соң оны апта соңында үйіне шығаруды жоспарланып отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Германия коронавирус салдарынан елде «лайт-локдаун» енгізді

admin

Шымкентте 30 дәрігерге өтемақы берілді

admin

Өткен тәулікте 16 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды

admin