25.8 C
Нью-Йорк
18.08.2022
Әлемде

Украина Солтүстік Кореямен дипломатиялық қатынасты үзді

Украина ДХР мен ЛХР-ды мойындағаны үшін Солтүстік Кореямен дипломатиялық қатынасты үзді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Пхеньянның бұл шешімін Украинаның аумақтық тұтастығына қол салу, Украина Конституциясы мен БҰҰ талаптарын бұзу деп қабылдаймыз», — делінген Украинаның сыртқы істер министрлігі жариялаған хабарламада.

Украина СІМ басшысы Дмитрий Кулеба Ресейдің Солтүстік Корея секілді жабық мемлекеттерден басқа одақтасы қалмағанын мәлімдеп, Украина өз тұтастығына қол сұққандарға қатал жауап қайтаратынын жеткізді.

Айта кетейік, Солтүстік Корея – ДХР мен ЛХР-ды мойындаған үшінші ел. Мұндай қадамды әуелі Ресей, одан кейін Сирия жасаған. 

Related posts

Ресейде әскери қызметке қатысты шектеулер алынды

Admin

Францияда жаңа үкімет құрамы жасақталды

Admin

Солтүстік Кореяда індет дес берер емес

Admin

Өзбекстанда химиялық зауытта жарылыс болды

Admin

Түркияда соңғы екі аптада коронавирус инфекциясы бес есе өсті

Admin

Шри-Ланкада студенттер президенттің отставкаға кетуін талап етті 

Admin