9 C
Shymkent
Қараша 26, 2020
Оқыс-оқиға

Төрт бала анасының мәйітімен 2 жыл тұрған

Американың Теннесси штаты Нашвилл қаласының полицейлері үйден үй иесін көшіруге келіп, оның мәйітін көрген. Балалары екі жыл бойы марқұмның денесіне тиіспепті деп хабарлайды Kazus.kz ақпараттық порталы Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Дэвидсон округының полиция қызметкерлері 56 жастағы Ларинда Джолидің денесін 21 қазан күні өз төсегінен тапқан. Олар үйге келіншектің Энтони есімді ағасымен келген. Ал марқұмның балалары Ларинданың 2017 жылы қайтыс болғанын айтыпты.

«Онда ештеңе жоқ. Тек сүйектері қалған», – дейді Энтони.

Джоллидің барлық төрт баласының да психикалық ауытқуы болған, олар өлген анасымен екі жыл бірге тұрған. Энтони әпкесімен көп сөйлеспеген екен, бірақ тұрақты түрде қоңырау соғып тұрыпты. Ал соңғы уақытта телефонды балалар көтеріп, анасы сөйлесе алмайтынын жеткізіп жүрген.

Үйдегілермен тілдескен Энтони марқұмның соңғы сөздерін де естіген. Ларинда балаларына ешкімге хабарласапауды және өзіне тиіспеуді сұраған.

Джоллидің дене қалдықтары сараптамаға жіберілді. Оның өліміне не себеп болғаны әзірге жұмбақ. Бірақ, келіншекті азаптап өлтірді дегенге ешқандай дәйек жоқ.

Төрт бала да уақытша қонақүйге жатызылды. Әлеуметтік қызметкерлер оларға қамқоршы іздеп жатыр.

Айта кетейік, осыған дейін Англияда үлгілі полицей әйеліне махаббат хикаясын айтып берген көңілдесін өлтіріп тастады. Бұл қылмысы үшін тәртіп сақшысы он жарым жылға абақтыға қамалды. Қайтыс болған медбикенің артында күйеуі мен екі баласы қалды.

Ұқсас жаңалықтар

Зергерлік дүкеннің қабырғасын бұзып, тонап кеткен (видео)

admin

Сантехник бір отбасын пышақтап тастаған

admin

18 жастағы жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кетті

admin

Пікір қалдыру