-2 C
Shymkent
Қазан 28, 2020
Оқыс-оқиға

ТҮРКІСТАН: Өндірістік жарақаттан 13 адам көз жұмған

Өндірістік жарақат

фото: ашық дереккөздан алынған

Түркістан облысында 9 айда ұйымдар мен мекемелерде өндіріске байланысты 46 жазатайым оқиға тіркелген. Онда 67 адам жарақат алып, 13-і қайтыс болды, деп хабарлайды Kazus.kz.

Бұл өткен жылмен салыстырған 2 есе көп. Жарақаттың көбею себебінің бірі жұмысшылар арасында еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасы туралы ақпараттың жеткіліксіздігінен. Өндірістік жарақаттануды азайту шаралары ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы Ербол Нұрғалиев, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, жергілікті атқарушы органдағы басқармалар басшылары, әлеуметтік серіктестер өкілдері мен өңір кәсіпорындары басшыларының қатысуымен өткен кездесуде талқыланды.

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы бастаған делегация бірқатар құрылыс және өнеркәсіп орындарын аралады. Отырыста жарақат алуға еңбек және өндірістік тәртіпті бұзу, қауіпсіз жұмыс тәсілдеріне оқудың аздығы, жұмыс орындарын ұйымдастырудағы кемшіліктер себеп болатыны айтылды.

Жұмыс берушілердің қоғамдық жауапкершілігін арттыру үшін өндірістегі жазатайым оқиғаларға қатысты арнайы тергеу аяқталғаннан кейін қорытынды деректі аумақтық тиесілігі бойынша үшжақты комиссияға тапсыру қажет деп шешілді.

Өндірістік жарақаттардың алдын алу және ескерту тұрғысында қосымша шаралар әзірленбек. Еңбекті қорғауды басқару жүйесін енгізу, жұмыс жағдайының қауіпсіздігін арттыру және Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығының «VizionZero» тұжырымдамасын насихаттауды күшейтудің қажеттілігі айтылды.

Кездесу соңында 2019-2023 жылдарға арналған өндірістік жарақаттар мен зиянды еңбек жағдайы бар жұмыс орындарын қысқартудың Жол картасын іске асыру бойынша іс-қимылды ширату тапсырылды.

Ұқсас жаңалықтар

Жексенбі түнінде 8 адамның денесі паршаланды

admin

Қолдан жасалған ұшақ апатқа ұшырап, иесі қаза тапты

admin

Екі пәтерлі үйден өрт шығып, салдарынан 7 жасар бала көз жұмды

admin

Пікір қалдыру