21.3 C
Shymkent
Маусым 19, 2021
Басты жаңалықтар Қоғам

Түркістан: Қарақұмда спорт кешені ашылды

Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Қарақұм ауылында демеушілердің көмегімен спорт кешені ашылды, – деп хабарлайды KAZUS.KZ.

Бұл туралы Ордабасы ауданының әкімі Нұрбол Тұрашбеков айтты. Аймақ басшысының сөзінше, тұрғындар ауылдағы бос ғимаратты 10 миллион теңгеге жөндеуден өткізіп, ел игілігіне ұсынған. Нысан аудандық спорт бөлімінің теңгеріміне алынып, 6 азамат жұмыспен қамтылды. 3 спорт үйірмесі өз жұмысын бастады. 

Бұл игі бастама Бөген ауылында да жалғасын тапты. Мұнда қазір тұрғындар бос ғимаратты жөндеуден өткізуде.

Жалпы Ордабасы ауданының спорт саласында айтулы жұмыстар атқарылып келеді.  2020 жылы жергілікті бюджет есебінен Ұялыжар мен Темірлан ауылынан ашық алаңша мен стрит воркаут алаңшасы ашылды. Аудан орталығындағы саябақ та осындай нысанмен толықты. Көпқабатты үйлердің ауласында 2 ашық алаңша, «Бәйтерек» мектебінің спорт залы мен алаңшасы және «Темірлан» мектебі спорт залы мен алаңшасы, Төрткөл ауылынан стрит воркаут алаңшасы салынды.

Бадам ауылдық округі, «Ордабасы» мектебінің ескі ғимараты және Төрткөл ауылдық округі, «Арыстанды» мектебінің ескі ғимараты аудандық спорт бөлімінің теңгеріміне алынды. Ауданда биыл жалпы 13 спорт ғимараты қолданысқа берілді. Бүгінгі таңда Ордабасы ауданында 2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері жұмыс жасайды. 10 ауыл округінде спорттың 13 түрінен секциялар бар. Қазіргі таңда 76 жаттықтырушы 1864 баланы спортқа баулып, тәрбиелеуде.

Ұқсас жаңалықтар

Полиция қызметкері жасаған селфи. Тексеріс басталды

admin

Әлиев пен Пашинян телеарна эфирінде Таулы Қарабақ бойынша мәлімдеме жасады

admin

Түркістан облысында бес ауданның инфрақұрылымын дамыту үшін 67 жоба жүзеге асырылуда

admin