15.8 C
Нью-Йорк
27.09.2022
Өңір Түркістан

Түркістан облысында мұғалімдердің жалақысына бөлінген 17 млн теңгені жымқырған алаяқ ұсталды

Түркістан облысында 40-тан астам мұғалімнің есепшотынан ақша жымқырған алаяқ  құрықталды, деп хабарлайды Астана арнасы.

Ол  Шардара қаласындағы бірнеше мектептің  қазынасына қол салды деген күдік бар.  Мұғалімдердің жалақысына деп бөлінген 17 млн теңгені қолды қылған.   

«Күдікті адам Алматы қаласында жүрген жерінен Шардара аудандық полиция бөлімінің жедел уәкілдерімен ұсталып, Шардара аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда тергеу амалдары ҚР ҚК 190 бабы 4 бөлігі 2-ші тармағымен Шардара аудандық полиция бөлімінің өндірісінде тергелуде», — дейді Шардара аудандық полиция бөлімінің тергеушісі Бақдәулет Рысқұл.

Полицияның дерегінше, жас жігіт бұрын қаржы саласында еңбек еткен. Өткен қыркүйекте жұмыссыз қалған ол ақша қажет болғасын «оңай жолмен» табыс табуға кірісіпті.   Айғақты зат ретінде күдіктіден 1,5 миллион теңге тәркіленді. Полицейлер оның басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.

Related posts

Алматыдағы Алтын Орда базарынан тағы да шу шықты

Admin

Елордалықтар дауыс беруге бара ма – сауалнама

Admin

Тараздық құтқарушылар суға ағып бара жатқан баланы құтқарды

Admin

Түркістан облысында жол құрылысына салғырт қараған мердігерге айыппұл салынды

Admin

Түркістан облысында алып сәби дүниеге келді

Admin

Алматылықтар коммуналдық қызметтерге 3,2 млрд теңге қарыз

Admin