22 C
Shymkent
Қыркүйек 21, 2020
Қоғам

Түркістан облысында келін енесімен төбелесіп қалған

KAZUS.KZ. Түркістан облысында киімін алып кетуге келген келін енесімен және қайынсіңлісімен төбелесіп қалған. Бұл видео әлеуметтік желіге тарап, жұрттың жағасын ұстатты, – деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желіде тараған видеода келін мен енесі тіпті бір-біріне қол көтеріпген. Тіпті шаш жұлуға дейін барғаны түсіп қалған. Оларды ажыратпақ болып жүрген азаматшаның киімі жыртылып, екеуі де жерге құлағанын көруге болады.

Түркістан облысының полицейлері әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу кезінде жіті бақылаған. Соның нәтижесінде аталған жайттың 29 тамыз күні Арыс қаласында болғанын анықтаған.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Арыс АПБ 102 пултіне жергілікті тұрғын арызданып, үйінде айқай-шу болып жатқанын айтқан. Жәбірленуші әйел ажырасқан келінінің туыстарымен келіп, өзіне дене жарақатын салғанын жеткізген.

Ол аталмыш дау бейнежазбаға түсіріліп, мессенджер арқылы тарағанын және абыройына нұқсан келгенін хабарлаған. Аталған ақпарат бойынша тексеру жүргізген тәртіп сақшылары ажырасқан келіні киімдерін алып кетуге келгенде төбелес басталғанын анықтаған.

«Келіні мен енесі өзара келіспей дау шығып, жаға ұстасқан. Тіпті, бір-бірінің киімін жыртып, дене жарақатын салғаны анықталды. Аталған жайтқа байланысты ҚР ӘҚБтК 434-бабы («Ұсақ бұзақылық») бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, сараптама тағайындалған» делінген хабарламада.


Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте карантин талабын бұзған 407 тұлғаға айыппұл салынды

admin

ШЫМКЕНТ: «Отырар» кітапханасына Әл-Фарабидің есімі беріледі

admin

Жұмыссыз қазақстандықтардың несиелерін кешіре салайық – депутат

admin

Пікір қалдыру