22 C
Shymkent
Қыркүйек 21, 2020
Қоғам

ТҮРКІСТАН: Кентау қаласында жыл соңына дейін 600 отбасы жаңа баспанаға ие болады

Баспана

Түркістан облысы Кентау қаласындағы Ш.Уалиханов көшесі бойында былтырғы жылдан бастап 60 пәтерлі 10 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде, деп хабарлайды Kazus.kz.

Қазіргі таңда үйлердің құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталуға таяу. Баспана кілттері мүмкіндігі шектеулі жандар мен көпбалалы отбасылар мен түрлі санаттар бойынша кезекте тұрған тұрғындарға жыл соңына дейін қаланың 65 жылдық мерейтойына орай табысталатын болады.

«Жалпы саны 600 пәтері бар үйлердің аймағы 33240 шаршы метрді құрайды. Тұрғын үйлердің аулалары абаттандырылып, балалар ойын алаңшаларымен тұрғындарға арналған демалыс орындарымен қамтылатын болады», – дейді Кентау қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Ерлан Алдыбаев

Қалада сонымен қатар 5 қабатты 25 пәтерден тұратын 96 тұрғын үйдің жобалау сметалық құжаттамасы әзірленген. Құрылыс жұмыстары келесі жылы басталады. Жалпы аймағы 151368 ш.м. құрайтын үйлер 15 шағын ауданда бой көтереді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда карантиндік шектеулерге өзгерістер енгізілді

admin

Ғұрыптық рәсімдерді заңмен реттеу керек – Көшербаев

admin

Серік Сәпиев бала күтіміне байланысты еңбек демалысына шықты

admin

Пікір қалдыру