-2 C
Shymkent
Қазан 28, 2020
Оқыс-оқиға

ТҮРКІСТАН: Иттер жұлмалап тастаған әйелдің мәйіті табылды

Түркістан облысының полиция қызметкерлері бұған дейін хабар-ошарсыз кеткен жас келіншектің өліміне қатысты қылмыстың бетін ашты– деп хабарлады KAZUS.KZ. ақпараттық порталы zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Қыркүйек айының басында Мақтарал ауданында дүкенде сатушы болып жұмыс істейтін келіншек жоғалып кеткен.

«Үш аптадан кейін полиция жергілікті жыралардың бірінен белгісіз әйелдің мәйіті мен киімін тапты. Жабайы жануарлар жұлмалап тастаған мәйітті және өлімнің себебін анықтау мүмкін болмады. Полиция мәйіттің бүлінбеген бөлігін тауып, айғақтарды сараптамаға жібере алды. Сараптама қорытындысы және туыстарының киімді тануы бойынша тергеушілер мәйіт хабар-ошарсыз кеткен келіншекке тиесілі деген қорытындыға келді» – деп мәлімдеді облыстық ПД баспасөз қызметі.

Полиция кісі өлтіруге күдіктілердің кім екенін анықтады. Олар бұрын төлем терминалдарынан бірнеше рет ұрлық жасағаны үшін ұсталған екі жергілікті тұрғын болып шықты. Жастар өздерінің жасаған істерін толығымен мойындады.

Тергеу барысында күдіктілердің ауыр қылмысты тонау мақсатында жасағандығы анықталды. Олар жас келіншекке шабуыл жасап, оны буындырып өлтірген, содан кейін оны пышақтап тастаған. Олар оның 300 мың теңгесін алып, оқиға орнынан бой тасалаған. Күдіктілер ұрланған ақшаның бір бөлігін өз қажеттіліктеріне жұмсаған.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 2-бөлігі, «Кісі өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды. Айғақты зат ретінде жәбірленушінің заттары, ұрланған мүліктің бір бөлігі және күдіктілердің автокөлігі алынды. Сот шешімімен күдіктілер екі айға қамауға алынды. Сараптама тағайындалды.

Ұқсас жаңалықтар

Тоқта қуатталып тұрған телефон 15 жасар баланың өмірін қиды

admin

Көкшетауда 13 жастағы қыз жоғалып кетті

admin

ТҮРКІСТАН: Адам қаққан жүргізуші оқиға орнынан қашып кетті

admin

Пікір қалдыру