5.4 C
Нью-Йорк
03.12.2022
Спорт Түркістан

ТҮРКІСТАНДЫҚ ЖҮЗУШІЛЕР РЕКОРДЫН ЖАҢАРТТЫ

Түркістан облысының спортшылары 2022 жылдың 8-12 қарашасында Талдықорған қаласында өткен Қазақстанның жүзуден қысқы Чемпионатында ұтып алған жүлделер бойынша өздерінің рекордтарын жаңартты!
19 медаль: 8 — алтын, 6 — күміс, 5 — қола.

Әйелдер арасындағы
4 X 100 метрге кешендік жүзу эстафетасында айтарлықтай жеңіске жетті, құрамында:
Тоқтобаева Дарья, Пчелинцева Аделаида, Сподаренко Софья, Болдырева Милана.

Бағдарламаның басқа түрлерінде жеңімпаз бен жүлдегер болғандар:

Аделаида Пчелинцева: 50 м, (брасс) — алтын; 100 м, (брасс) — алтын; 4х100 м, (кешендік жүзу) — алтын; 4х100 м, (еркін стилімен) — қола.

Софья Сподаренко: 50 м, (баттерфляй) — алтын; 50 м, (еркін стилімен) — алтын; 4х100 м, (кешендік жүзу) — алтын; 100 м, (баттерфляй) — күміс; 4х200 м, (еркін стилімен) — күміс; 4х100 м, (еркін стилімен) — қола.

Милана Болдырева: 4х100 м, (кешендік жүзу) — алтын; 4х200 м, (еркін стилімен) — күміс;
4х100 м, (еркін стилімен) — қола.

Дарья Токтобаева: 4х100 м, (кешендік жүзу) — алтын; Қазақстан Республикасының спорт шебері нормативін орындады; 4х200 м, (еркін стилімен) — күміс; 200 м, ( баттерфляй) — күміс; 4х100 м, (еркін стилімен) — қола; 200 м, (кешендік жүзу) — қола.

Альжан Сағадиева: 4х200 м, (еркін стилімен) — күміс.

Желтоқсан айында Австралияда жүзу бойынша әлем чемпионаты өтеді. Қазақстан құрамасының сапында біздің облысымыздың атынан 2022 жылдың Ислам ойындарының жеңімпазы Аделаида Пчелинцева жүлделерге таласады. Түркістан облысының спортшылары аға бапкер Ж.Шалдарбековтың, Қазақстанның еңбегі сіңген жаттықтырушысы А.Смолеевтың, еліміздің ұлттық құрамасының жаттықтырушылары И.Гусаков, С.Осинскийдың басшылығымен жаттығуда.

Related posts

ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА 9 ЕЛДІ-МЕКЕН КӨГІЛДІР ОТЫНМЕН ҚАМТЫЛҒАН

Admin

Қазақстандық боксшы WBO титулы үшін жекпе-жекте қарсыласын нокаутпен жеңді

Admin

Түркістан облысында алып сәби дүниеге келді

Admin

«Барыстың» бас бапкері тағайындалды

Admin

Бокстан Странджа кубогы: Сағындық Тоғамбай ел қоржынына төртінші алтын медальды салды

Admin

Канело Головкинмен үшінші мәрте жекпе-жекке шығатынын мәлімдеді

Admin