-0.8 C
Shymkent
Қазан 28, 2020
Басты жаңалықтар Қоғам

ТҮЛКІБАС: «Кентау» ЖШС күздік алма жинауда

Қызыл алма

Түлкібас ауданындағы алма жемісін өсірумен айналысатын ірі шару қожалықтарының бірі «Кентау» ЖШС-гі  алғашқы өнімін жинай бастады, деп хабарлайды Kazus.kz.

Жалпы алма бау көлемі 231 гектарды құрайтын шаруашылықтың 188 гектары қарқынды бау. Бұнда Гала, Фуджи, Голден делишес, Стар Кримсон, Легалина, Айдарет сынды алманың 12 түрі өсіріледі.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік маусымды жұмыспен 100-120 адамды, ал тұрақты жұмыспен 40 адамды қамтып отыр. Тұрақты жұмысшыларға алма бау маңынан барлық жағдаймен қамтылған арнайы  жаттақхана қарастырылған.

Сондай-ақ алма өнімін қыс мезгілінде сақтау мақсатында аталмыш шарушылықтың жалпы сыйымдылығы  2000 тонналық заманауй қоймасы бар.  Бұл жерде сақталған жемістер қыс мезгілінде еліміздің түпкір-түпкіріне жеткізіліп, саудаланады. Түлкібас ауданда жалпы 8900 тоннаны сақтауға қауқарлы 6 қойма бар.

Аудан көлемінде алма бауды дамыту жылдан жылға қарқын алып келеді. 2020 жылға жеміс-жидектің көлемі 3335,0 га құрады. Мемлекетік бағдарламаға сәйкес, 2001-2019 жылдар аралығында отырғызылған алма бау көлемі 2578 гектарға жеткізілді. 2018 жылы аудан көлемінде рекордтық өнім 25150,0 тонна алма өндірілді.

2019 жылы ауа райының қолайсыздығына байланысты бұл көрсеткіш 20 000 тоннаны құрады. 2020 жылы 100 га жерге алма отырғызуды жоспарласақ, бүгінгі таңда 78 га жерге алма бауы отырғызылды. Жалпы биылғы жылға жоспарлаған 100 гектар алма баудың 50 гектары қарқынды бау. Қалған жоспарланған алма көшетін егу жұмыстары күз айларында жалғасын таппақ.

Ұқсас жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: Биыл 10 жаңа мектеп пайдалануға беріледі

admin

Түркістан облысында жылына 500 тонна балық өндіретін кооператив салынып жатыр

admin

Шымкентте 26 жылға созылған «қызыл сызық» дауы бітер емес

admin

Пікір қалдыру