5.4 C
Нью-Йорк
03.12.2022
Саясат

Тоқаев: Кейінгі дағдарыстар БҰҰ-ны реформалау қажеттігін көрсетті

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы 77-сессиясының жалпы дебатында сөйлеген сөзінде БҰҰ-ны реформалау қажеттігі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз тек күш жұмылдыра отырып қана қазіргі заманның сын-қатерлеріне төтеп бере алатынымызға сенімдімін.

Ортақ мақсатымызға қол жеткізу үшін біз мынадай бағыттарда әрекет етуге тиіспіз.

Өткен жылдардағы көптеген және көбіне өзара байланысты дағдарыстар жаһандық басқаруда айтарлықтай кемшіліктер бар екенін көрсетті. Олар БҰҰ-ны жаңғырту және реформалау қажет екенін айқындап берді»,- деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ алдағы сын-қатерлерге және туындайтын мүмкіндіктерге дайын болуға тиіс деп есептейді.

«Осыған байланысты Қазақстан Бас хатшының «Біздің ортақ мәселеміз» атты баяндамасында айтылған ұсыныстарды қолдайды.

Бізге БҰҰ Жарғысының ережелерін бекітуге, көпжақтылыққа тың серпін беруге, қолданыстағы міндеттемелердің жүзеге асырылуын күшейтуге, жаңа сын-қатерлерге қатысты нақты шешімдерді келісуге және Ұйымға мүше мемлекеттердің өзара сенімін қалпына келтіруге зор мүмкіндік туып тұр.

Біз келесі жылы Ұйымға мүше мемлекеттер министрлерінің кездесуі аясында өтетін консультацияларға қатысуды, сондай-ақ 2024 жылы Болашақ саммитін асыға күтеміз», — деді Мемлекет басшысы.

Фото:ООН/Джейси Макилвейн

Related posts

29 мамыр ЕАЭО күні болып жарияланады

Admin

Қазақстанның агроөнеркәбін дамытуға Қатар инвесторлары көмектеспек

Admin

Назарбаев Путинмен не үшін кездесті

Admin

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Admin

10 баласы бар қазақстандық отбасы қанша жәрдемақы алады?

Admin

Экологиялық «Байтақ» партиясы тіркеуден өту үшін құжат тапсырып қойды

Admin