25.8 C
Нью-Йорк
18.08.2022
Оқыс-оқиға

Ток соққан 4 жасар бала екі қолынан айрылды

Батыс Қазақстан облысында ток соққан төрт жасар баланың екі қолын кесіп тастауға тура келді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz “Хабар 24” арнасына сілтеме жасап.

Бала басқа балалармен бірге өзі туып-өскен Жанғала ауданындағы Жаңақазан ауылында көшеде ойнап жүріп, электр станциясының аумағына кіріп кеткен. Оны шұғыл түрде облыс орталығына жеткізіп, дәрігерлер ота жасады. Қазір баланың жағдайын дәрігерлер орташа ауыр деп бағалап отыр.

Таратушы электр желілері компаниясы зардап шеккен баланың отбасына 200 мың теңге бөлді. Полиция қылмыстық істі тергеп жатыр. Қамқор жандар қаражат жинай бастады, балаға протез керек.

«Төрт бала ойнап жүріп қосалқы станция кірген ұлымды тоқ соқты. Қалған балалар бізге жүгіріп келіп, ұлымыздың өртеніп кеткенін айтты. Қазір ол түні бойы шошып ұйықтай алмайды, қолымда тасып жүрмін», — дейді ауыл тұрғыны Әсел Айтжанова.

«Аудандық ішкі істер бөлімінде комиссия құрылды. Тергеуден кейін шешім қабылдайды. Подстанцияда қауіпсіздік талаптарына сай ескерту плакаттары ілінген, бірақ балалар қауіптің бәрін түсінбейді. Біз әлі де мүмкіндігінше көмектесеміз», — деді «ЗапҚазРЭК» бас инженері Асқар Ғайсин.

Related posts

Павлодарда жеңіл көлік мұз астына түсіп кеткен

Admin

Павлодар облысында жеті адамның өліміне байланысты тергеу басталды

Admin

Ақтөбеде жасөспірім найзағайдан көз жұмды

Admin

Тараз қалалық сотының төрағасы пара алды деген күдікке ілінді

Admin