22 C
Shymkent
Қыркүйек 21, 2020
Саясат

Сыналған жауапты хатшылар қанша жалақы алатыны белгілі болды

кресло

KAZUS.KZ. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов министрліктер жанындағы жауапты хатшылар институтын таратуға қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Тоғжановтың айтуынша, жауапты хатшылар институты 15 министрлікте жұмыс істейді. Олардың функцияларын енді аппарат басшылары орындайды.

«Аппарат басшысының қызметі мен функционалдық міндеттері Мемлекеттік қызмет туралы заңда көрсетілген. Ол жауапты тұлғалардың өкілеттіктеріне толық сәйкес келеді. Мәселе күн тәртібінде тұр. Шешім жақын күндері қабылданады. Орташа жалақы жұмыс өтіліне байланысты 685 мыңнан 830 мыңға дейін (теңге)», – деді ол.

Еске салайық, мұның алдында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауына министрліктердегі жауапты хатшыларды сынға алып, оларды таратуды тапсырған болатын. Президент олардың міндеттерін аппарат басшыларына жүктеу керегін айтқан еді.

Ұқсас жаңалықтар

Президент Жолдауын жүзеге асыру үшін шамамен 2 трлн теңге қаражат қажет

admin

Илья Ильин жаңа қызметке тағайындалды

admin

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жаңа мәртебеге ие болды

admin

Пікір қалдыру