22 C
Shymkent
Қыркүйек 21, 2020
Денсаулық

Су мен тамақтан коронавирус анықталған

KAZUS.KZ. Ресейде тұтынушылардың құқығын қорғау және адамның әл-ауқатын қадағалау жөніндегі федералды қызметі су мен тамақта коронавирус анықталуының 46 жағдайын тіркеді, – деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Centralasia.media-ға сілтеме жасап.

Бұл туралы Ресей ғылым академиясы президиумының отырысында ведомство басшысы Анна Попова мәлімдеді.

Су және тамақта жаңа вирусты анықтау бойынша барлық аймақтарда жүргізілген зерттеулер барысында беттерден алынған 17 оң сынама және 29 басқа оң нәтиже анықталған.

Бүгінгі таңда тұтынушылардың құқығын қорғау және адамның әл-ауқатын қадағалау жөніндегі федералды қызмет коронавирус инфекциясын анықтау бойынша 40 миллион тест жүргізді.

Соңғы деректерге сәйкес, Ресейде Covid-19 індетін жұқтырғандар саны 1 073 849 адамға жетіп отыр. 18,7 мыңнан астам науқас көз жұмған.

Ал Қазақстандағы жағдайға келер болсақ, елімізде өткен тәулікте коронавирус инфекиясын жұқтырған тағы 64 адам тіркелді.

Жалпы республика бойынша Covid-19 індетін жұқтырғандар саны 106 984 адамға жетіп отыр.

Ұқсас жаңалықтар

3 күн бойы тек «Доширакпен» тамақтанған блогер желіні шулатты

admin

Қазақстанда бір аптада 108 адам коронавирустан көз жұмды

admin

Қазақстанда 340 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы тіркелді

admin

Пікір қалдыру