-13 C
Shymkent
Ақпан 24, 2021
Әлемде

Сойылған есек сүйектері табылып, асханалар тексерілуде

KAZUS.KZ. Қарақалпақстандағы Элликқала ауданында есектер жерленген орын табылып, жергілікті құқық қорғау органдары асханалар мен ет дүкендерін тексеруге кірісті. Санитария-эпидемиология қызметі есек еті қоғамдық тамақтандыру орындарына түскен-түспегенін анықтайды, – деп хабарлайды zakon.kz Орталық Азияның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Бірнеше күн бұрын жергілікті блогер Достон Болтаев Элликқала ауданында елуден астам есектің сүйегі жатқан орынды көрген. Болтаевтың хабарлауынша, кейін осы маңда тағы оннан астам есектің сүйегі табылған.

– Ол жерге есектің сүйегі мен ішекқарнын тастаған. Еті мен терісі табылмады. Бір жерде кем дегенде 55 есектің сүйегі жатты. Есектің етін бұлар қайда өткізіп жүр? Есектерді хайуанаттар бағындағы аңдар үшін сойған дейін десек, мұнда сүйектері қалған, дейді Достон Болтаев.

Элликқала ауданы ішкі істер басқармасы қызметкерінің айтуынша, ішкі істер органдары тексеру жүргізіп жатыр.

Бұрындары Өзбекстанның басқа да облыстарында есек сүйектері тасталған орындар табылған. Сол кезде есек етін шұжыққа, тамаққа қосқаны хабарланған.

Ұқсас жаңалықтар

Трамп қайтыс болды

admin

Режеп Ердоған коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

admin

26 жастағы жігіт өзінің зәрін күнделікті сусынына айналдырған

admin