4.8 C
Нью-Йорк
03.12.2022
Медицина

Смайылов «медицина қызметкерлерінің орташа жалақысы 420 мың теңге» екенін мәлім етті

Алихан Смайылов бүгінгі Үкімет отырысында медицина саласы қызметкерлерінің орташа жалақысы туралы сөз қозғады. Одан бөлек, ана мен бала өліміне қатысты статистиканың да нашарлап кеткеніне тоқталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Медицина қызметкерлерінің жалақысы айтарлықтай өсті. Биыл олардың орташа жалақысы 420 мың теңгені,орта медициналық қызметкерлердің жалақысы 234 мың теңгені құрады. Дәрігер мамандығының абырой-беделі арта түсуде”, – деді ол.

Одан бөлек, Үкімет басшысы ана мен бала өліміне қатысты статистиканың да нашар екенін сөз етті. 

“Ана мен бала өлімінің көрсеткіштері нашарлап кетті. Бұл шұғыл шаралар қабылдауды және әйелдер мен жаңа туған нәрестелердің денсаулығына тұрақты мониторинг жүргізуді талап етеді.

Мүмкіндігі шектеулі балаларға уақытылы оңалту көмегін көрсетуге ерекше назар аудару қажет. Өңірлермен бірлесіп, заманауи перинаталдық орталықтар салу, балалар ауруханаларын қазіргі заманғы диагностикалық  және оңалту жабдықтарымен жарақтандыру жөнінде шаралар қабылдау қажет”, – деді ол.

Фото: Ашық дереккөздерден

Related posts

Нью-Йоркте маймыл шешегіне қарсы жаппай вакциналау пункттері ашылды

Admin

Коронавирустық пандемия әлі аяқталған жоқ – ДДСҰ

Admin

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 500 млн адамнан асты

Admin

Қазақстанда жұлын бұлшықет атрофиясына шалдыққан балаларға арналған дәрі-дәрмек тегін беріледі

Admin

Елімізде невролог дәрігерлер тапшы — депутат

Admin

Былтыр МӘМС бойынша көрсетілген стоматологиялық қызметтер саны 50%-ға өскен

Admin