5 C
Shymkent
Қараша 26, 2020
Басты жаңалықтар Қоғам

«СК-Фармацияның» басшысы қанша жалақы алатынын айтты

Ерхат Есқалиев

© Photo : служба центральных коммуникаций

KAZUS.KZ. «СК-Фармация» компаниясының басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев «Хабар 24» телеарнасына берген сұқбатында өзінің қанша жалақы алатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Сұқбат барысында белгілі болғандай, Ерхат Есқалиевтің айлық жалақысы 1 миллион 300 мың теңгені құрайды. Ал оның орынбасары 900 мың теңге алады.

Айта кетейік, телеарна тілшісімен өрбіткен әңгіме барысында Есқалиев коронавирустың екінші толқынына дайындық туралы айтып, қоймаларда дәрі-дәрмектің екі айлық қоры жинақталғанын атап өтті.

Оның мәлімдеуінше, егер індет өрши түскен жағдайда әзірленген дәрі-дәрмек қоры 60 мыңға жуық науқасты емдеуге жеткілікті болады. Бүгінде препараттардың басым бөлігі қоймаларға жеткізілген.

Ұқсас жаңалықтар

Ауған соғысының ардагерлері Бақытбек Смағұлдың өтірігін ашты

admin

Педагог мамандығын таңдағандар енді 42 мың теңге мөлшерінде стипендия алатын болады

admin

Шымкенттік үш ұстаз республикалық байқауда «Үздік педагог» атағына ие болды

admin

Пікір қалдыру