22 C
Shymkent
Қыркүйек 21, 2020
Басты жаңалықтар Шоу-бизнес

Сенсация! Нұрлан Қоянбаев әлемдік рекордты жаңартты

Нұрлан Қоянбаев

Нұрлан Қоянбаев өзі межелеген рекордтық көрсеткіштен асты, – деп хабарлайды Kazus.kz ақпараттық порталы.

Осыдан біршама уақыт бұрын Нұрлан Қоянбаев инстаграм желісіне «Инстаграмда бір фото 5 млн комментарий жинап әлемдік рекорд орнатыпты. Достар, әлемдік рекордты жаңартып жібереміз бе? Әрқайсымыз 20 пікірден қалдырсақ, кем дегенде 20 млн комментарий жинаймыз. Осы фото әлемдегі ең танымал фотоға айналсын! Кеттік! Биікте самғасын көк байрағымыз»  деп жазған болатын.

Содан бері оның инстаграм желісіне салған мемлекеттік тудың суретіне 10 миллион 97 мыңнан астам пікір жазылған. Суретке алғаш салынған 24 сағат ішінде 700 мыңнан аса пікір жазылып, Қазақстан және Ресей бойынша рекорд жаңартқан болатын. Енді Нұрланның жазғаны әлемдік рекордтан да асып жығылды.

Айта кету керек, 238 миллион оқырманы бар Криштиану Роналдудың суреттеріне орташа есеппен 20-50 мың арасында пікір жазылады.

Ұқсас жаңалықтар

Сарыағаштағы шу: сатушылар неге наразы?!

admin

42 500 теңге әлеуметтік төлем тағы беріле ме?

admin

Шымкентте жыл басынан бері 67 мыңнан астам азаматқа құжат берілді

admin

Пікір қалдыру