15.8 C
Нью-Йорк
27.09.2022
Қоғам

Сарыағашта жер дауы ушығып тұр

«Жер дауы мен жесір дауы» толастамаған қазақ даласында соңғы кездері жайылым жерлер мәселесі ушығып отыр. Әкім-қаралар ауыл тұрғындары мал жайып үйренген жерлерді жеке кәсіпкерге сатып жіберу фактілері белең алған. Осындай бір мәселеге Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Көкарық ауылының тұрғындары да тап болып отыр.

Ауыл сыртындағы аумағы атшаптырым жотаны малға жайылымға айналдырып, бір бөлігіне көкпар тартып жүрген жергілікті тұрғындар соңғы жылдарда тыныстары тарылғандығын айтуда.

«400-500 үй күнделікті ауыл падасын бағып жүрген жайылым жерімізді Жонарқа  ауылдық әкімшілігі кәсіпкерлерге беріп жіберген. Мал бағып қана қоймай, бір шетінде жастарымыз ұлттық ат спортымен айналысып жүрген жотаны жеке тұлғаларға бөліп бере салған»,-дейді ауыл биі Өсербай Егембердиев.

«Бізге әкімшілік мал бағуға деп ауылдан 20-30 км айдаладан жер беріп отыр. Ол жерге барып біз қалай малымызды бағамыз? Біздің талабымыз осы мал бағып үйренген жерімізді халыққа қайтарсын. Осы жерден жер сатып алған азаматтардың өздерінің негізгі үлеске алған шауашылықтары барғой»,- деп Сейтжан Жаңабаев ауылдықтардың талабын жеткізіп отыр.

Жерді қазіргі қожайыны Мұрат мырзаның өз уәжі бар: «Осыдан 3 жылдай алдын осы жерден мен туыстарыммен бірге бас-аяғы 3 гектар жерді әкімшіліктен, соттың шешімімен үлеске алдым. Бизнес-жоспар жасап, несие алып 4 километрден су тартқыздым. Енді егіншілікпен айналысамын. Бұл менің заңды жерім. Ауыл азаматтарына әркімге өз үлес жері берілген. Сол жерге малын бағады ма, егін егеді ме өздері біледі», — деген пікірде.

Қалай болғанда да Сарыағаш ауданының әкімдігі осы мәселені тездетіп шешіп бермесе дау одан әрмен ушығатын түрі бар.

Ауыл халқы ескі жүйенің әсерімен сатылып кеткен жерлер ел игілігіне қайтарылатынан сеніп отыр. Оған ел президенті Қ.К.Тоқаевтың «Жаңа Қазақстаны» болып отыр.

Related posts

Энергетика министрі: электр энергиясы тарифтері өседі

Admin

Трансшекаралық өзендер суы азайып барады – Экология министрлігі

Admin

Бір апта ішінде қандай азық-түлік түрлері қымбаттағаны белгілі болды

Admin

Асанәлі Әшімовтің әйелі ASANALI нөмірі қайдан алынғанын түсіндірді

Admin

Елімізден Ресейге қатынайтын мемлекетаралық пойыздар жұмысы қайта іске қосылады

Admin

Келестегі келеңсіздік

Admin