4.8 C
Нью-Йорк
03.12.2022
Қоғам

Сара Назарбаева енгізген «Өзін өзі тану» сабағы мектеп бағдарламасынан алынып тасталады

Оқу-ағарту министрлігі жалпыға міндетті мектеп бағдарламасынан «Өзін-өзі тану» пәнін алып тастауды ұсынып отыр. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.

Ашық НҚА сайтында Асхат Аймағамбетов қол қойған министрліктің бұйрығының жобасы жарияланды. Ол 5 қазанға дейін қоғамдық талқылауда болуы керек.

«Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 29 қыркүйектегі № 522 бұйрығының күші жойылды деп танылсын», — делінген құжатта.

Еске салайық, «Өзін-өзі тану» пәні мектеп бағдарламасына экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың зайыбы Сара Назарбаеваның бастамасымен енгізілген болатын. Қазақстан мектептерінде «Өзін-өзі тану» 2001 жылдан бастап оқытыла бастады.

Ақпан айында «Өзін-өзі тану» бұрынғыдай 1-11-сыныптар арасында емес, тек бір сыныпта ғана және оқушылардың таңдау пәні болатыны хабарланған еді.

Related posts

ОНОМАСТИКА КОМИССИЯСЫ ҚАЙДА ҚАРАП ОТЫР?

Admin

Әскери міндетін өтегендер мемлекеттік органдарға жұмысқа орналасады

Admin

Трансшекаралық өзендер суы азайып барады – Экология министрлігі

Admin

Автонесиелеу бағдарламасы 30 жылға жалғасады

Admin

АРЫС ҚАЛАСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША АҒАШ ОТЫРҒЫЗУДАН АЛДЫҢҒЫ ОРЫНҒА ШЫҚТЫ

Admin

Сенаторлар мүгедек адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған заң жобасын қарады

Admin